2022 жылдың 15 наурызында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде Студенттік Парламенттің колледж студенттерімен ақпараттық кездесуі өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – парламенттік фракциялар депутаттарының атқарған жұмыстары туралы ақпарат беру.
Іс-шара барысында Президент Мусин Қайсар, оның орынбасарлары Сейілбекова Бақыт, Кәрімова Карина және сегіз фракцияның жетекшілері өз қызметтері туралы айтып, өткізілген іс-шаралардың маңызды тұстарымен бөлісті және фракциялардың жұмыс үдерісін жақсарту бойынша ұсыныстарды қабылдады, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Болашақ БІЗ ҮШІН, байыпты бизнес пен жауапкершіліктен қорықпайтын бүгінгі жастар үшін!